Өзбекстандық әншілердің "жағдайы" уақыт өткен сайын қиындап барады

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесі жанынан шығармашылық кеңес құрылған. Енді өнер көрсету үшін лицензия алғысы келетін әртістер сол кеңестің алдында жанды дауыспен ән салуы керек деп хабарлайды сайтына сілтеме жасап

Кеңеске атақты клипмейкерлер, режиссерлер, ақындар мен сазгерлер кірген. Жақында өткен алғашқы жиында шығармашылық кеңес мүшелері 32 әншіні тыңдады.

 

Бұған дейін лизенция алғысы келген әншілер дисктерін тиісті органдарға өткізетін. "Өзбекконцерт" басшысы Одилжон Абдукаххаров 1 шілдеде лицензия беру шарттары өзгергенін хабарлады.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал әнші қауіпті дертке шалдыққанын айтты (фото)

Оның айтуынша, енді өзбек әншілеріне клиптерін Интернетке шығармашылық кеңестің рұқсатынсыз жариялауға тыйым салынады. "Сол арқылы біз ұлттық дәстүрді сақтап, өзіміздің менталитетке қайшы келетін клиптердің тарауына жол бермейміз", - деді Абдукаххаров.

Ұлттық дәстүрге сай емес клиптер эфирден алып тасталған. Жаңа тәртіп бойынша, концерт ұйымдастыруға лицензия алу үшін әнші концерттік бағдарламасының кем дегенде 60 пайызын орындауы тиіс.

Еске салайық, 11 шілдеде "Өзбекконцерт" бірқатар әншілердің лицензиясын тартып алды. Лицензия әншілерге бір жылға ғана беріледі.