АҚШ-та аспаннан түскен жұмбақ нысан тұрғындардың зәресін ұшырды

АҚШ-тың Калифорния штатында отбасы аспаннан түсіп келе жатқан белгісіз нысанды видеоға түсіріп алған.

Видеоны интернетке жүктеген Пабло Моралес жұмбақ нысанның сұлбасы адамға келетінін айтып, бұл аспаннан түскен "періште" деп болжады.

 

Видеода ол жанындағылардан: "Бұл Иса пайғамбар ма?" деп сұрайды. Кейін испан тілінде: "Бұл адам", - деп қосады.

Сол сәтте қасындағы адамдар жапа-тармағай өз болжамдарын айта бастайды.

Желі қолданушылары да пікірлерін білдірген.

"Калифорния кептелісінен құтылудың тамаша жолы!", "Құдай-ай, Калифорнияда аспаннан гуманоидтар құлап жатыр. Трампқа қаншалықты биік қабырға тұрғызуға тура келеді?", "Бұл шарға ұқсамай ма?", - деп жазды желі қолданушылары.

Индико
Сонымен ол не екен?