БАҚ: Неміс клубы Йовичті "Реалға" 60 млн еуроға сатқан

Немістің "Айнтрахт" клубында доп тепкен Лука Йович мадридтік "Реалдың" ойыншысы атанады деп хабарлайды Eurospor.

Шетелдік бақтың жазуынша, тараптар өзара келісімге келген. Неміс клубы шабуылшы үшін 60 млн еуро алады. Ал ойыншы 5 жылдық келісім-шартқа отырды.

 

Сербия футболшысы корольдік клуб сапында жылына 10 млн еуро алады.

"Реал" басшылығы трансфер туралы ресми түрде келесі аптада хабарлайды.

Айта кетейік, Лука Йович Германия Бундеслигасының 2018/19 маусымында 31 ойынға қатысып, 17 гол соқты.